Мәдениет

Майор шенімен зейнетке шыққан Досымжан Таңатаров басшылық қызметке тағайындалды

Жазылу
Бұған дейін әнші Досымжан Таңатаров президент оркестрінде 20 жыл қызмет етіп, майор шенімен зейнетке шыққанын хабарлаған еді

АЛМАТЫ, 26 қаңтар – Sputnik. Әнші Досымжан Таңатаров Жастар театры директорының орынбасары қызметіне тағайындалды. Бұл туралы театрдың баспасөз қызметі хабарлады.

"Жастар театры директорының шығармашылық құрам жөніндегі орынбасары қызметіне Досымжан Қарпықұлы Таңатаров тағайындалды", - делінген театр таратқан ақпаратта.

Сонымен қатар әншінің өзі әлеуметтік желідегі парақшасында жаңа жұмысқа кіріскенін айтты.

"Биссмиллах деп жұмысты бастап кеттік. Жылы сөздеріңізге, сын пікірлеріңізге, сенім білдіріп қолдау көрсеткендеріңізге көп рахмет", - деп жазды ол.

Айта кетейік, бұған дейін әнші Досымжан Таңатаров президент оркестрінде 20 жыл қызмет етіп, майор шенімен зейнетке шыққанын хабарлады.

"2000 жылы Тараз қаласынан арнайы шақырумен келдім. Содан бері ешқайда жылжымай оркестрде қызмет істеген екенмін. 2003 жылдан бастап әскери жұмысқа кірістім, оның алдында әнші ретінде қызмет атқардым. Осы оркестрдің артқан сенімін алып шығуға бар күш-жігерімді салып өнер көрсетіп қызмет істегеніме де 20 жылдың көлемі болған екен", – деп жазды Таңатаров.

Оқи отырыңыз: Әнші Досымжан Таңатаров зейнетке шықты – видео 

Досымжан Таңатаров 1975 жылы Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданында туған. 2008 жылы Дарын мемлекеттік жастар сыйлығының иегері, 2009 жылы Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері атанды.

Жастар театры Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауымен 2007 жылы құрылды. 2020 жылдың қыркүйегінен бері театрды театр және кино актері Әділ Ахметов басқарады.

Жаңалықтар
0