Қоғам

Пневмония мен COVID-19-дан 11 адам қайтыс болды

© AFP 2024 / JOSEPH PREZIOSOВрач держит за руку пожилого пациента палаты интенсивной терапии в больнице с коронавирусом
Врач держит за руку пожилого пациента палаты интенсивной терапии в больнице с коронавирусом - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Пандемия басталғалы бері Қазақстанда коронавирустан 2 480 адам қайтыс болды. Ал 1 тамыздан бастап тіркеуге алынған ковидтік пневмониядан 555 науқас көз жұмды

НҰР-СҰЛТАН, 25 қаңтар – Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус пен ковидтік пневмониядан қайтыс болғандар статистикасын жариялады.

Соңғы бір тәуліктің ішінде республика бойынша 1 480 адамда коронавирус (КВИ+) анықталды. Осы диагнозбен 8 науқас қайтыс болды. Ал ковидтік пневмониядан (КВИ-) 3 адам көз жұмды. Кешеден бері коронавирусқа ұқсас пневмониясы бар 16 адам тіркелді. 

Қазіргі кезде 27 360 адам короновирус инфекциясынан (15 661 КВИ+ және 11 699 КВИ-) емделіп жатыр.

  • 6 827 пациент стационарда;
  • 20 533 науқас үйде.

КВИ+, КВИ-  шалдыққандардың арасында:

  • 311 адамның жағдайы ауыр;
  • 43 пациенттің жағдайы өте ауыр;
  • 42 науқас өкпені жасандв желдету аппаратына қосылған.

Айта кетейік, пандемия басталғалы бері Қазақстанда коронавирустан 2 480 адам қайтыс болды. Ал 1 тамыздан бастап тіркеуге алынған ковидтік пневмониядан 555 науқас көз жұмды.

Жаңалықтар
0