НҰР-СҰЛТАН, 25 қаңтар — Sputnik. Австралиялық тележүргізуші Кендалл Джилдингтің суреті әлеуметтік желі пайдаланушыларының арасында кеңінен талқыланды. Басты сауал: көйлектің түсі қандай? Оптикалық иллюзия адамдарға киімнің түсін әртүрлі етіп көрсетеді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Журналист біртүсті қабырға жанында классикалық стильдегі көйлекпен суретке түсіп, оның астына "Сәрсенбі күні – ақ түс" деп жазып қойды. Instagram әлеуметтік желісіндегі оқырмандары көйлектің түсі ақ емес, көгілдір екенін ескертіп пікір қалдырған.
"Көк қой", - деген пікір қалдырды petercorneyofficial аккаунтының иесі.
"Көк түсті екені анық ", — деп растады pradeepbadwal.
"Жоқ! Киімнің түсі жайлы интернеттегі кезекті даулы мәселе ме? Менің ойымша, киімнің түсі қара", — деп қалжыңдады тағы бір оқырман.
Австралиялық журналист бұл иллюзия жарықтың нашар түсуіне байланысты туындап отырғанын түсіндіріп, тағы бір сурет жариялады. Ол суретте көйлектің түсі расымен де ақ екені анық көрініп тұр.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Еске салсақ, бірнеше жыл бұрын тағы бір көйлектің фотосуреті желіде "шу" болған еді. Ол кезде оқырмандар көйлектің түсі ақ әрі алтын түстес пе, әлде көк және қара ма деп дауласты.