Өңірлер

Желіде қызу талқыланған суреттен соң депутаттарға қатысты шара қолданылды

© Photo : Jan VašekФотоаппарат
Фотоаппарат - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасында ел назарын аударған суреттегі адамдардың бәрі 85 мың теңгеден айыппұл төлейтінін айтты

НҰР-СҰЛТАН, 25 қаңтар — Sputnik. Семейде бетперде кимей түскен сурет үшін қалалық мәслихат депутаттарына айыппұл салынды, деп хабарлайды Arnapress.kz басылымы. 

Бұған дейін сурет әлеуметтік желіде кең таралып, қызу талқыға түскен еді. Семейлік депутаттар мәслихаттың VII шақырылымының бірінші сессиясында естелік фото жасамақ болған.

© Photo : ArnapressМәслихаттың VII шақырылымының бірінші сессиясындағы семейлік депутаттар
Желіде қызу талқыланған суреттен соң депутаттарға қатысты шара қолданылды - Sputnik Қазақстан
Мәслихаттың VII шақырылымының бірінші сессиясындағы семейлік депутаттар

Олар бетперде тақпай суретке түсіп, бұл әрекеттерін "30 секунд дем алмай тұрдық" деп түсіндірді. Ешқандай заңбұзушылық болмағанын айтып, ақталуға тырысты.

Семейдің санитарлық-эпидемиологиялық басқармасында бұл даулы суреттегі барлық адамдарға айыппұл салынғанын мәлімдеді.

"Санитарлық талапты бұзған жеке тұлға ретінде олардың барлығы айыппұл төлеуі керек. Айыппұл сомасы - 30 АЕК, бұл шамамен 85 мың теңге", - деді қаланың бас санитарлық дәрігері Берік Тілебалдин.

Суретте Семей әкімі Ермак Сәлімов пен оның орынбасары Айдар Садырбаев та бар. Санитарлық дәрігер қала әкімшілігінің өкілдеріне де айыппұл салынатынын жеткізді.

Тілебалдин айыппұлды төлеуге бір ай уақыт берілетінін, бірақ, бір апта ішінде төлесе, айыппұл сомасы үшін елу процент жеңілдік қарастырылғанын мәлімдеді.

Мәслихат депутаттары айыппұлды өтейтінін хабарлады. Мысалы, Арман Мәшімов қолына түбіртек алған күні айыппұл сомасын төлеймін деп отыр.

 

Жаңалықтар
0