Қоғам

Далада жүрген балаларды онлайн бақылау жүйесі енгізіледі 

© Sputnik / Евгений Биятов / Медиабанкке өтуЗимняя погода
Зимняя погода - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жаңа жүйе шұғыл басқару орталығына да қосылады. Осылайша, ата-ананың баланы іздеп жатқаны туралы мәлімет бірден полицияға түседі

НҰР-СҰЛТАН, 25 қаңтар – Sputnik. Биыл ішкі істер министрлігі балалардың қауіпсіздігіне арналған жаңа жүйені сынақтан өткізіп көрмек. Бұл туралы ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Пилоттық жобалардың бірі – балалардың қауіпсіздігіне арналған "Мені тап" жүйесі. Соның арқасында баланың қайда жүргенін анықтауға болады", - деді Ораз онлайн брифингте. 

Оның айтуынша, жаңа жүйе мобильді қосымша ретінде смартфонға орнатылады. Bluetooth желісі арқылы арнайы трекерлермен байланыс жасап отырады.

"Трекерді баланың киіміне, я болмаса, мектеп сөмкесіне орнатып қоюға болады. Ұялы телефоны сөніп тұрған жағдайда немесе байланыс істемегенде мобильді қосымшаны іске қосып, Bluetooth желісі арқылы трекерді анықтауға мүмкіндік бар", - деп атап көрсетті Ораз.

Бұдан бөлек, жаңа жүйе шұғыл басқару орталығына да қосылады. Осылайша, ата-ананың баланы іздеп жатқаны туралы мәлімет бірден полицияға түседі.

Жаңалықтар
0