Өңірлер

Қостанай облысының бас санитар дәрігері жаңа қаулы шығарды

© AP Photo / Michael ProbstОқушылар сабақта отыр
Оқушылар сабақта отыр - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Облыстың бас мемлекеттік санитар дәрігері мектеп оқушылары мен студенттерді оқыту форматына қатысты жаңа қаулыға қол қойды

НҰР-СҰЛТАН, 25 қаңтар – Sputnik. Қостанай облысында бас мемлекеттік санитар дәрігердің жаңа қаулысы жарияланды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Жаңа қаулыға сәйкес, сыныптарда бала саны 15-тен аспайтын, контингенті 180 адамға дейінгі мектептерге жұмыс істеуге рұқсат етіледі.

Мектепке дейінгі, 1-4 сынып оқушылары үшін ата-аналардың өтінішімен кезекші сыныптар ұйымдастырылады. Бір сыныпта бала саны 15-тен аспауы керек.

"Қалған оқушылар қашықтан оқыту форматында білім алады", - делінген құжатта.

Бұдан бөлек, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері тек қана қашықтан оқиды.

Тағы оқыңыз: Қазақстандық оқушылар үшін III тоқсаннан бастап не өзгереді

Қаулы 27 қаңтарда күшіне енеді және 2021 жылдың 10 ақпанына дейін қолданыста болады.

Еске салсақ, үшінші тоқсаннан бастап республикада 9,11,12 сынып оқушылары аралас оқу форматына көшкен еді.

Оқушылар пәндердің 70%-ін мектепте және қалған 30%-ін қашықтан оқиды.

Жаңалықтар
0