Әлем

Ресей ғалымдары "британдық" коронавирустың штаммын алғаш рет суретке түсірді

© Photo : "Роспотребнадзор"Микроскоппен түсірілген коронавирустың "британдық" штаммы
Микроскоппен түсірілген коронавирустың британдық штаммы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Коронавирустық инфекция штаммын суретке түсіру үшін ресейлік ғалымдар алғаш рет микроскопты қолданды

НҰР-СҰЛТАН, 25 қаңтар – Sputnik. Роспотребнадзор ғалымдары әлемде алғаш рет коронавирустың "британдық" штаммын микроскоппен суретке түсірді. Ал инфекцияның мұндай жаңа түрі 2020 жылдың желтоқсан айында анықталған болатын.

"Роспотребнадзордың "Вектор" мемлекеттік ғылыми орталығы 2020 жылдың желтоқсан айында пациенттен оқшауланған коронавирустың "британдық" штамын әлемде алғаш рет суретке түсірді", – делінген хабарламада.

Ғалымдар зерттеу шеңберінде жаңа штамды суретке түсіріп, оның құрылымдық ерекшеліктері мен жасуша дақылдарындағы көріністерін анықтап жатыр. Бұл мақсатта зертханалық жануарларды қолдану көзделген.

Ведомство өкілдері ПТР-тестілер вирустың "британдық" нұсқасымен Ресейде тіркелген инфекция жағдайларын сенімді түрде анықтауға мүмкіндік беретінін алға тартады.

"Британдық" коронавирус штаммына тән мутациялар "ЭпиВакКорона" вакцинасының тиімділігіне әсер етпейді. Өйткені, оның құрамына вирустық ақуыздың консервативті аймақтарына жататын пептидті антигендер кіреді. Олар вируста анықталған өзгерістерге әсер етпейді", – деп атап өтті Роспотребнадзор.

"ЭпиВакКорона" – орыс ғалымдары ойлап тапқан бір компонентті коронавирустық вакцина. Вакцина клиникалық зерттеулердің үшінші кезеңінен әлі өткен жоқ.

Оқи отырыңыз: Коронавирустан кейін дәм мен иіс сезу қабілетін қалай қалпына келтіруге болады

Айта кетейік, бұған дейін денсаулық сақтау министрі Алексей Цой "британдық" коронавирус штамы республикада әлі анықталмағанын мәлімдеген.

Ал Ұлыбританияда жаңа коронавирустық мутацияның табылуы 2020 жылдың желтоқсан айында белгілі болды. Ұлыбритания билігі коронавирустық мутацияның тезірек таралатынын растап, бірақ оның өлімге немесе ауруханаға жатқызу деңгейіне әсері туралы әлі ештеңе айтпады.

Жаңалықтар
0