Қоғам

Бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан сегіз адам қайтыс болды

© Sputnik / Владислав ВодневМодульді инфекциялық аурухана
Модульді инфекциялық аурухана - Sputnik Қазақстан
Жазылу
24 қаңтардағы мәлімет бойынша, республика бойынша 26 736 адам короновирус инфекциясынан емделіп жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 24 қаңтар – Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус пен пневмониядан қайтыс болғандардың статистикасын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Өткен тәулікте коронавирустан алты, пневмониядан екі адам көз жұмды.

Сондай-ақ, бір тәулікте 1584 адам вирус жұқтырса, 110 адам пневмонияға шалдықты.

24 қаңтардағы мәлімет бойынша,  26 736 адам короновирус инфекциясынан (15 016 КВИ+ және 11 720 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 6 753 пациент стационарда, 19 983 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар көбейіп барады

Науқастардың арасында 291 адамның жағдайы ауыр, соның ішінде 50 пациент – хәл үстінде, 43 науқас жасанды тыныс алдырту аппаратына қосылған.

Жаңалықтар
0