Өңірлер

Семей полицейлері тұрғындарды ұйқыдан оята алмай, үйге көршінің қақпасы арқылы кірді

© Sputnik / Владислав ВодневПолицейское авто и автомобиль скорой помощи, иллюстративное фото
Полицейское авто и автомобиль скорой помощи, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Полиция қызметкерлері үйдің шатыры жанып жатқанын көріп, бірден өрт сөндіру қызметіне хабарлап, өртті сөндіруге кіріскен

НҰР-СҰЛТАН, 24 қаңтар – Sputnik. Семейде полицейлер төрт адамды өрттен құтқарып қалды.

Қалалық полиция басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгін түнде полиция қызметкерлері Ағзамов және Ыбырайханов Пархоменко көшесінде кезекшілікте жүрген кезде түтін иісін сезіп,  234-үйдің шатыры жанып жатқанын көрген.

БҚО-да 16 жастағы қыз үш бауырын өрттен құтқарып қалды, анасы көз жұмды

Олар бірден өрт сөндіру қызметіне хабарлап, үй тұрғындарын дауыс зорайтқышпен айқайлап, есікті қағып оятуға әрекеттенген.   

"Бірақ тұрғындардың ешқайсысы ояна қоймағандықтан, өртті өз күштерімен ауыздықтау мақсатында көрші үйдің қақпасы арқылы кіріп, үйден төрт адамды аман алып шықты", - делінген хабарламада.

Полицияның мәліметінше, олардың біреуі жас бала болса, біреуі қарт адам.

Жаңалықтар
0