Қазақстанда бұқаралық іс-шараларды өткізуге уақытша тыйым салынды. Мемлекеттік органдардың мәжілістері мен баспасөз конференциялары онлайн режимде ұйымдастырылады. Десе де, біз алдағы күндерге жоспарланған іс-шаралар туралы ақпарат беруді жалғастырамыз.
25 ҚАҢТАРҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР
12:30 – Орталық коммуникациялар қызметі алаңында "Қазақстан даму банкі" АҚ-ның 2020 жылғы қызметінің алдын ала қорытындысы" деген тақырыпта баспасөз конференциясы өтеді. Спикерлер: "Қазақстан даму банкі" АҚ басқарма төрағасы Абай Сарқұлов; "Қазақстан даму банкі" АҚ басқарма төрағасының орынбасары Думан Әубәкіров; "Қазақстан даму банкі" АҚ басқарма төрағасының орынбасары Сандуғаш Кенжебаева. Трансляцияны Facebook пен Youtube-тен көруге болады.
28 ҚАҢТАРҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР
14.00 – Еуразиялық даму банкінің (ЕДБ) "ЕАЭО ұлттық валюталарының халықаралық есеп айырысудағы рөлін арттыру" тақырыбында талдамалық есебінің тұсаукесері. Онлайн режимдегі шара analytics.eabr.org платформасында өтеді. Спикерлер: Евгений Винокуров – Еуразиялық даму банкі мен Еуразиялық тұрақтандыру және даму қорының бас экономисі; Наталья Лаврова – Еуразиялық тұрақтандыру және даму қорының жобалар блогының макроэкономикалық талдау және статистика бөлімінің бастығы. Сұрақтарды алдын-ала pressa@eabr.org электронды мекен-жайына жіберіп, шара аясында қоя аласыз.
Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан іс-шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.