Қоғам

Танымал қазақстандық әнші үйленді

© Sputnik / Табылды КадырбековОбручальные кольца в руке
Обручальные кольца в руке - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сүйіктісі екеуі 2020 жылдың жазында шаңырақ көтерді. Жаңа альбом шығарған музыкант жаңалықты өзі бөлісті

АЛМАТЫ, 22 қаңтар – Sputnik. Көпшілікке Jah Khalib атымен таныс қазақстандық рэп орындаушы Бахтияр Мамедов үйленгенін хабарлады. Жаңалықты жаңа альбом шығарған 27 жастағы музыкант Apple Music-ке берген сұқбатында бөлісті. Айтуынша, сүйіктісі екеуі 2020 жылдың жазында шаңырақ көтерді.

"2020 жыл мен үшін табысты болды. Жыл бойы студияда жұмыс істедім, білімімді жетілдірдім, музыкалық шеберлігімді шыңдадым. Шаңырақ көтеріп, үйлендім. Бізде бәрі жақсы, дәл сол себепті көз тигенін қаламаймын", - деді Бахтияр Мамедов.

Әншінің өзі жаңадан шыққан "Данышпан" деп аталатын жаңа альбомын сезімге толы әрі қазірге дейінгі ең үздік топтама деп атады. 

"Бұл жерде атүсті жазылған ешқандай ән жоқ. Бұл менің алғашқы концептуалды альбомым, ішінде менің өмірім жайлы оқиғалар айтылған. Ойдан шығарылған ештеңе жоқ, барлығы шынайы әрі жанды", - деді ол.

Бахтиярдың айтуынша, әйелі екеуі ұзақ уақыт дос болған, кейін бірге боламыз деп шешкен. 

"Ол менің өмірімде пайда болғанша, біраз келеңсіз жағдай болды. Сенімімді, өзімді жоғалтып алдым. Оның қолдауының арқасында қайтадан сене бастадым, ол менің материалдық әлеміме қайтарды ", - деді ол.

© Sputnik / Евгения Новоженина / Медиабанкке өту Jah Khalib марапаттау рәсімінде, 2017 жыл
Танымал қазақстандық әнші үйленді - Sputnik Қазақстан
Jah Khalib марапаттау рәсімінде, 2017 жыл

Айта кетейік, Jah Khalib атымен танылған қазақстандық лирикалық әндерімен тыңдарман жүрегіне жол тапты. Оның екі жыл бұрын шыққан "Медина" әні Youtube-те 129 миллион қаралым жинады, үш жыл бұрын шыққан "Лейла" әніне түсірілген бейнебаяны 143 миллион рет көрілді. 

Jah Khalib 1993 жылы Алматыда дүниеге келген. Әкесі – әзербайжан, анасы – қазақ. Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының музыкатану және менеджмент факультетінде оқыған.

Жаңалықтар
0