Қоғам

Қазақстандағы министрлердің орташа жасы анықталды   

© Sputnik / Болат ШайхиновПортфель
Портфель - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ең жас министрлер Арменияда жұмыс істейді. Олардың орташа жасы – 45,3 болса, ең егде жастағы министрлер Ресейде екен: орташа жас – 52,2

АЛМАТЫ, 22 қаңтар — Sputnik. ЕАЭО елдері арасында егде жастағы министрлер Ресей, Беларусь және Қазақстанда қызмет атқарады. Қазақстандағы министрлердің орташа жасы – 48 жас. Бұл жөнінде Ranking.kz зерттеуінде хабарланды.

2021 жылдың басында ЕАЭО елдері министрлерінің орташа жасы 49,2 жас болды. Ең жас министрлер Арменияда – 45,3, ал ең егде жастағы министрлер Ресейде жұмыс істейді: мұнда орташа жас –  52,2. Қазақстан бұл рейтингтің қақ ортасында тұр: министрлердің орташа жасы – 48 жас шегінде. Ал Қырғызстанда министрлердің орташа жасы орта есеппен 46,1 жасты құрайды.

ЕАЭО-ның ең жас және ең қартаң министрлері

ЕАЭО елдерінде ең егде жастағы министр Ресейде жұмыс істейді. Бұл – елдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров. Ол – 70 жаста. Ал Арменияда қызмет атқаратын ең жас министр – әділет министрі Рустам Бадасян. Ол 27 қаңтарда 31-ге толады.

Қазақстандық министрлер неше жаста

Елде министрлерді республика президенті тағайындайды және қызметтен босатады. Бүгінгі таңда Қазақстанда 18 министрлік жұмыс істейді.

Жасы бойынша ең үлкен министрлер – ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев (58 жаста) және қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев (58 жаста).

Министрліктердің ең жас басшылары – экономика министрлігінің жаңа басшысы Әсет Ерғалиев (33), цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин (37) және білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов (38).

Қазақстан үкімет жұмысының тиімділігі рейтингінде 89-шы орында тұр

2019 жылғы үкімет жұмысының тиімділігі бойынша әлем елдерінің рейтингінде Қазақстан жеті сатыға көтеріліп, әлемнің 209 мемлекетінің арасында 89-шы орынға ие болды. Ресей 88-ші орынға жайғасты.

Индекске мемлекеттік қызметтердің сапасы, ішкі мемлекеттік саясатты әзірлеу мен жүзеге асырудың сапасы, үкімет жүргізіп отырған ішкі саясатқа халық сенімінің деңгейі, мемлекеттік аппараттың жұмыс сапасы мен мемлекеттік қызметкерлердің жұмыс сапасы, олардың саяси қысымға қатысты тәуелсіздік дәрежесі және тағы басқа бірқатар көрсеткіш кірді.

Бұл рейтингіде Сингапур, Швейцария және Дания көш бастап тұр. Сондай-ақ, үздік ондыққа Финляндия, Андорра, Норвегия, Швеция, Нидерланды және Гонконг кірді.

Жаңалықтар
0