НҰР-СҰЛТАН, 22 қаңтар — Sputnik. Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровқа Қазақстанның мемлекеттік наградасы І дәрежелі "Барыс" ордені табыс етілді.
Награданы Лавровқа Қазақстан Республикасы басшылығының тапсырмасы бойынша елші Ермек Көшербаев табыстады, деп хабарлады Қазақстанның СІМ.
Оқи отырыңыз: Тоқаев Марат Тәжинді "Барыс" орденімен марапаттады
"Сергей Лавровты еліміздің жоғары мемлекеттік наградасымен марапаттау оның Қазақстан мен Ресей арасындағы көпжақты ынтымақтастық пен стратегиялық әріптестікті дамытуға қосқан елеулі үлесін бағалау болып табылады", - делінген сыртқы саяси ведомствоның хабарламасында.
Әңгімелесу барысында 2020 жылы ТМД, ҰҚШҰ және ЕАЭО аясында атқарылған бірлескен жұмыстың қорытындысы шығарылды, ынтымақтастықты дамытудың келесі қадамдары айқындалды.