Өңірлер

Тағы да 40℃ аяз түседі: синоптиктер демалыста ауа райы қандай болатынын айтты

© Sputnik / Абзал КалиевЕлорда тұрғындары
Елорда тұрғындары - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Алдағы үш күнде республиканың басым бөлігінде жауын-шашын тоқтап, ауа температурасы төмендейді деп болжанып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 22 қаңтар – Sputnik. Қазгидромет 23-25 қаңтардағы ауа райына болжам жасады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Синоптиктердің болжамынша, алдағы үш күнде республиканың солтүстік өңірлерінде қатты аяз болады.

"Салехард аудандарынан ығысатын суық антициклон Қазақстандағы ауа райына әсер етеді. Жауын-шашын тоқтап, ауа температурасы төмендейді деп күтілуде: оңтүстікте -10...-20℃ дейін, солтүстік өңірлерде -32...-40℃ дейін", -делінген хабарламада.

Сондай-ақ, кей жерлерде тұман түсіп, жел күшейеді.

Gismeteo.kz болжамынша, 22 қаңтарда Нұр-Сұлтанда күн бұлтты, аздап қар жауады. Ауа температурасы түнде -20, күндіз -14 градус.

Алматыда күн бұлтты, сынап бағанасы түнде -11, күндіз -5 градусты көрсетеді.

Шымкентте де күн бұлтты, қар жауады, түнде -7, күндіз -2 градус суық.

Жаңалықтар
0