Өңірлер

Қазақстанда тағы бір өңір COVID-19 таралуының "қызыл" аймағына енді

© Sputnik / Владислав ВодневНаклейка на полу "Соблюдайте дистанцию"
Наклейка на полу Соблюдайте дистанцию - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстанның бас қаласы "қызыл" аймақтан әлі шықпады, ал, Алматы "жасылдан" "сары" аймаққа ауысты 

НҰР-СҰЛТАН, 21 қаңтар — Sputnik. Батыс Қазақстан облысы коронавирусты инфекцияның таралу қарқыны бойынша "қызыл" аймаққа енді. Ал, Алматы қаласы "сары" аймаққа ығысты, деп хабарлады COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия.

2021 жылдың 21 қаңтарындағы Қазақстан аймақтарындағы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы мынадай: 

"қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан, Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары;

"сары" аймақта: Алматы қаласы, Қарағанды және Алматы облыстары;

"жасыл" аймақта: қалған өңірлер. 

Бұған дейін Алматы "жасыл" аймақта болатын. 

18 қаңтардан бастап Нұр-Сұлтанда жаңа шектеулер күшіне енді. Бас қаладағы сауда орталықтарының демалыс күндері жұмыс істеуіне тыйым салынды. Бұл нысандардағы дәріханалар мен азық-түлік дүкендерінің ғана сенбі және жексенбі күні жұмыс істеуге рұқсат берілді.

 

Жаңалықтар
0