Өңірлер

Петропавлдық келіншек қызын өлімші етіп сабады – бала жансақтау бөліміне түсті

© PhotoРука ребенка, иллюстративное фото
Рука ребенка, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Полиция бөлімшесіне ауруханадан 3 жасар қыздың дене жарақатымен және ессіз күйде жеткізілгені туралы ақпарат түскен

НҰР-СҰЛТАН, 21 қаңтар – Sputnik. Петропавл қаласында 22 жастағы келіншек 3 жасар қызын аса қатыгездікпен ұрғаны үшін айыпталып отыр. Жансақтау бөліміне түскен баланың жағдайы ауыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Ресми мәліметке сәйкес, 17 қаңтарда облыстық балалар ауруханасынан полиция бөлімшесіне 3 жасар қыздың дене жарақатымен және ессіз күйде жеткізілгені туралы ақпарат түскен.  

"Денсаулыққа ауыр жарақат келтірді деген күдікпен баланың анасы ұсталды. Қылмыстық кодекстің 106-бабы, 2-бөлігі "Кәмелеттік жасқа толмаған баланың денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Осыған орай, бірқатар қажетті сараптама тағайындалды", - дейді полицейлер.

Оқи отырыңыз: Намазды дұрыс оқымаған өгей баласын ұрып өлтірген Шымкент тұрғыны сотталды 

Айта кетейік, бұл бап бойынша 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Оған қоса қылмыс аса қатыгездікпен жасалып отыр. 

Құқық қорғаушылардың айтуынша, баланың анасы бұған дейін жауапқа тартылмаған. Тәртіп бұзбаған. Қазір ол Петропавл қаласының уақытша ұстау изоляторында отыр.

Жаңалықтар
0