Оқиға

Жамбыл облысында полицей қызметтік көлігімен әйелді қағып өлтірді

© Sputnik / Владислав ВодневПолицейская машина, архивное фото
Полицейская машина, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазір жол апатына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Облыстық полиция департаменті "күдікті жазасыз қалмайды" деп сендіріп отыр

НҰР-СҰЛТАН, 21 қаңтар – Sputnik. Шу қаласында полицей қызметтік көлікпен әйелді қағып кетті.

Қатты соққыдан 48 жастағы әйел сол сәтте жан тапсырған. Оқиға куәгерлері қайғылы жағдайға себепкер болған тәртіп сақшысы оқиға орнынан қашып кетті деген еді. Алайда полиция департаменті бұл ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлады КТК арнасы. 

Қайғылы жағдай 19 қаңтарда түнде вокзалдың маңында болған. Әйел жолды рұқсат етілмеген жерден кесіп өтемін деп, жүгіріп шыққан. Сол кезде оны  "Нива" көлігі басып кетті. Рөлде 25 жастағы аудандық криминалдық полиция бөлімінің жедел уәкілі отырды. 

Куәгерлер "жүргізуші мас болған, әрі өзінің полицияда істейтінін жасыру үшін қызметтік көлігінің мемлекеттік нөмірін шешіп әкетті" деп дабыл қаққан. Алайда полиция департаменті бұл ақпаратты теріске шығарды. Ресми мәліметке сәйкес, қараңғы көшеде жолға атып шықан жүргіншіні аға лейтенант абайсызда қағып өткен. 

Қазір жол апатына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Облыстық полиция департаменті "күдікті жазасыз қалмайды" деп сендіріп отыр. 

"Полиция қызметкері қазір уақытша ұстау изоляторында. Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес, 25 жастағы полицейдің ішімдік ішпегені және есірткі қолданбағаны анықталды. Қазір жан-жақты тергеп-тексеру басталды. Барлық бейнебақылау камераларындағы жазба алынып, сараптама тағайындалды", - дейді Жамбыл облыстық ПД баспасөз хатшысы Гүлсара Мұхтарқұлова.

 

Жаңалықтар
0