Қоғам

Ғабидолла Әбдірахымов жаңа қызметке тағайындалды

© Sputnik / Владислав ВодневГабидулла Абдрахимов
Габидулла Абдрахимов - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Әбдірахымов премьер-министр кеңсесінің басшысы, бәсекелестікті қорғау агенттігінің төрағасы, Шымкент қаласының әкімі секілді лауазымды қызметтерді атқарған

НҰР-СҰЛТАН, 21 қаңтар – Sputnik. Ғабидолла Әбдірахымов Қазақстан мәдениет және спорт вице-министрі болып тағайындалды, деп хабарлады премьер-министрдің баспасөз қызметі.

Оқи отырыңыз: Тоқаев үкіметтің жаңа мүшелерін тағайындады 

"Қазақстан үкіметінің қаулысымен Ғабидолла Рахметоллаұлы Әбдірахымов Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт вице-министрі болып тағайындалды", - делінген хабарламада.

Әбдірахымовтың өмірбаяны

Ғабидолла Әбдірахымов 1975 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін бітірген, "Болашақ" бағдарламасымен неміс мемлекеттік басқару жоғары мектебінде оқыды, мемлекеттік әкімшілендіру магистрі.

Еңбек жолын 1996 жылы Қазақ мемлекеттік аграрлық университетінде тәлімгер-оқытушы болып бастаған. 

1999-2008 жылдары Қазақстан мемлекеттік қызмет істері агенттігінің құрылымында түрлі лауазымдарды атқарды.

2008-2012 жылдары — Қазақстан премьер-министрі кеңсесінің басшысы.

2012-2013 жылдары — Қазақстан бәсекелестікті қорғау агенттігінің төрағасы.

2013-2015 жылдары — Қазақстан президенті әкімшілігі басшысының орынбасары.

2015-2017 жылдары — Шымкент қаласының әкімі.

2017-2018 жылдары — "Нұр-Отан" партиясының хатшысы.

2018-2019 жылдары — Шымкент қаласының әкімі.

2019 жылғы қараша айынан қазірге дейін Қазақстан премьер-министрінің кеңесшісі қызметін атқарды.

Жаңалықтар
0