НҰР-СҰЛТАН, 21 қаңтар – Sputnik. FlyArystan әуе компаниясы жаңа бес бағытты іске қосады.
"Жақында сегізінші Airbus A320 бізге қосылады, біз жаңа бес бағыт бойынша ұшамыз", - деп жазылған компанияның Facebook парақшасында.
Билетті FlyArystan App мобильді қосымшасында сатып алуға және жаңа бағыттардың бірін таңдауға болады:
- Ақтау – Қызылорда – Ақтау (17 наурыздан бастап),
- Атырау – Түркістан (28 наурыздан бастап),
- Шымкент – Семей (3 мамырдан бастап),
- Шымкент – Ақтөбе (1 мамырдан бастап),
- Шымкент – Орал (1 мамырдан бастап).
2021 жылдың 31 қазанына дейінгі рейстерге 34 бағыт бойынша билет сатылып жатыр.
FlyArystan – қазақстандық жалғыз лоукостер, Air Astana-ның еншілес компаниясы. 2019 жылдан бастап жұмыс істейді, билет құнын арзандату мақсатында ашылды.