Өңірлер

Терезені бұзып кірді – Ақтөбеде мемлекетаралық іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды

© Sputnik / Тимур БатыршинКісен, архивтегі сурет
Кісен, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жалдамалы пәтерде жасырынып жатқан күдіктіні тұтқындау үшін арнайы жасақтың сарбаздары жұмылдырылды

НҰР-СҰЛТАН, 21 қаңтар – Sputnik. Ақтөбе қаласында мемлекетаралық іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды. Оны құрықтау үшін арнайы жасақтың сарбаздарын жұмылдыруға тура келді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

37 жастағы ер адам бұрын ұрлық пен алаяқтық үшін бірнеше рет сотталған. Осы жолы тағы ұрлыққа барған. Өткен жылы сот оны қамауға алуға шешім қабылдады. Бірақ қылмыскер жазасын өтеуден жалтарып, қашып кеткен соң оған іздеу жарияланды.

Оқи отырыңыз: Алматыда сегіз жыл бойы іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды - видео

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында қылмыскердің Ақтөбе қаласындағы 101-ші атқыштар бригадасы көшесінде жалдамалы пәтерде жасырынып жүргені анықталды. Ол полицияға өз еркімен шықпады, есікті де ашқан жоқ.

Осыдан кейін арнайы жасақтың сарбаздары шақырылды. Олар альпинистік жабдықтарды пайдалана отырып, үшінші қабатта орналасқан пәтердің терезесін бұзып кірген. Сөйтіп, іздеуге жүрген қылмыскерді ұстады.

Тұтқындалған күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Жаңалықтар
0