Қоғам

Шымкентте қыздары мен күйеу балаларынан таяқ жеген әжейдің оқиғасы жалғасын тапты

© Sputnik / Абзал КалиевЗорлық-зомбылық, иллюстративті сурет
Зорлық-зомбылық, иллюстративті сурет - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қарт әйелдің қыздары мен күйеу балалары әкеден мұраға қалған үйді бөлісе алмай, анасын аяусыз ұрып-соққан

НҰР-СҰЛТАН, 21 қаңтар – Sputnik. Шымкентте туған анасын соққыға жыққан қыздар өз кінәсін түсініп, қарт әйелден кешірім сұрады. Енді олар анасына алимент төлейді.

Бұл туралы жәбірленушінің ісімен айналысқан адвокат Еркін Қахаров Facebook-те жазды.

Заңгер әйелдің балаларынан алимент өндіру үшін сотқа жүгінгенін айтты. Талап-арызды Абай аудандық сотының судьясы қабылдаған. Судья екі тарапты медиация бөлмесіне шақырып, татуластырған.

"Балалар анасын құшақтап, сүйіп, өз қателігін түсініп, өкініп, кешірім сұрады", - деп жазды адвокат.

Сондай-ақ, айтуынша, енді балалары анасына алимент төлейді. Заңгер анасы мен балаларын татуластырған судьяның жұмысына өте жоғары баға берді. Ол судьяның медиативтік тәжірибесін бүкіл елге тарату қажет деп санайды.

Еске салсақ, жуырда адвокат Еркін Қахаров әлууметтік желідегі парақшасында жаға ұстатарлық видео жариялады.

Белгілі болғандай, Шымкентте Алтынкүл есімді әжейді туған қыздары мен күйеу балалары ұрып-соққан. Оған әкеден мұраға қалған үй себеп болыпты. Даудың басы қарт ана марқұм күйеуімен бірге тұрған үйін өзінің кіші қызына сыйға берген кезден басталған.

Әйел үйді кіші қызының атына аударғаннан кейін көп ұзамай қызы қайтыс болады. Бір айдан соң кенже қызының күйеуі қайын енесінен үйден кетуді талап еткен.

Кейінірек үйге әжейдің қалған екі қызы да таласады. Олар туған анасын күйеулерімен қосылып ұрып-соққан. Салдарынан әйелдің сол қолы екі жерден сынып, денесі көгеріп, жарақаттанды.

Осы оқиғадан кейін қарт әйел өз-өзіне қол жұмсамақ болған.

Жаңалықтар
0