Әлем

Қырғызстан президентінің инаугурациясына қарапайым азаматтар қатысады

© Sputnik / Алексей Майшев / Медиабанкке өтуСадыр Жапаров пен Айгул Жапарова
Садыр Жапаров пен Айгул Жапарова - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Инаугурацияны өткізуге 15 миллион сом бөлінгенімен, қазіргі уақытта шығын шамасы 10 миллион сомды құрап отыр

НҰР-СҰЛТАН, 21 қаңтар – Sputnik. Қырғызстанның жаңа сайланған президенті Садыр Жапаровтың инаугурациясы 28 қаңтарда сағат 11:00-де Тоқтоғұл Сатылғанов атындағы Қырғыз мемлекеттік филармониясына өтеді.

Шараны ұйымдастыру жөніндегі комитеттің басшысы Сүйүнбек Қасмамбетов қырғыз көшбасшысының инаугурациясына шақырылғандардың 70%-і халық өкілдері екенін айтты.

"Қоғам, мәдениет, ғылым саласындағы зиялы қауым өкілдері шақырылды. Негізінен біз сайланған президент Жапаровтың штабының қалауын ескердік. Сондықтан, шақырылғандардың шамамен 70%-і халық өкілдері, қарапайым сайлаушылар. Біз осы контингентке басымдық бердік", – деп хабарлайды Sputnik Қырғызстан.

Инаугурация рәсімін өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетінің басшысы бұл салтанатты шараға шет мемлекеттердің көшбасшылары қатыспайтынын баса айтты. Оған тек шет елдердің дипломатиялық миссияларының басшылары, Қырғызстан үкіметінің, жоғарғы соттың, Конституциялық палатаның және орталық мемлекеттік органдардың мүшелері қатысады.

Sputnik Қазақстан елдегі сыртқы істер министрлігінен Қазақстанның атынан инаугурация шарасына кім қатысатынын сұрады. Ведомстводағылар бұл ақпарат нақтыланатынын жеткізді.

Президент инаугурациясына қанша қаржы бөлінді

Қасмамбетов инаугурацияны өткізуге 15 миллион сом (шамамен 74 миллион теңге) бөлінгенін айтты. Бірақ қазіргі уақытта шығын шамамен 10 миллион сомды (49 миллион теңге шамасын) құрап отыр.

Жаңа сайланған президент Садыр Жапаров күні кеше премьер-министр қызметінен кетті. Ол бұл қызметте 2020 жылдың қазан айынан бастап жұмыс істеді. Елдегі үкімет те отставкаға кетті, ал министрлер кабинетінің мүшелері жаңа құрам тағайындалғанға дейін өз қызметтерін атқарады.

Оқи отырыңыз: Президент Наурыз мейрамын тойлауға қатысты ұсыныс жасады

Сәрсенбі, 20 қаңтарда Қырғызстанның Орталық сайлау комиссиясы Садыр Жапаровты осы жылдың 10 қаңтарында өткен президенттік сайлауда жеңімпаз деп жариялады. ОСК мүшелері тиісті қаулыны қабылдады. Жапаров 79,2 процент дауыс жинады.

Жаңалықтар
0