Оқиға

Ақтауда екі айлық нәресте инсульт алды

CC0 / bingngu93 / Младенец
Младенец - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сәбидің жағдайын ауруханаға түскеннен кейін бір күннен соң тұрақтандыру мүмкін болды. Оған екі сағатқа созылған бас сүйегінің трепанациясы жасалды 

АЛМАТЫ, 21 қаңтар — Sputnik. Ақтауда дәрігерлер инсульт алған екі айлық нәрестені құтқарып қалды. Олар сәбиге ота жасады. Қазір баланың жағдайы орташа ауыр.

9 қаңтарда бала Маңғыстау облыстық көпбейінді балалар ауруханасына жеткізілген. Оған "мидағы қан айналымының бұзылуы" (жаңа туған балалар инсульті) диагнозы қойылды, деп жазады "Лада".

Екі айлық балада бас миының қабынуы, дислокациялық синдром және І-ІІ деңгейдегі кома тіркелді. 

Сәбидің жағдайын ауруханаға түскеннен кейін бір күннен соң тұрақтандыру мүмкін болды. Оған екі сағатқа созылған бас сүйегінің трепанациясы жасалды.

Балалар нейрохирургі Ербол Кенжеваловтың айтуынша, мұндай жағдайда баланы аман алып қалу сирек болады. Осы жолы нәрестенің өмірін сақтап қалу мүмкін болды.

Қазір ол травматология бөліміне ауыстырылды. Жағдайы орташа ауыр деп бағаланып отыр.

 

Жаңалықтар
0