Экономика

Қазақстандықтар 2020 жылы 21 мыңнан астам алтын құйма сатып алған

© Photo : СС0 / Linda HamiltonЗолотые слитки
Золотые слитки - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Алтын құймалар 5, 10, 20, 50 және 100 грамм салмақта ұсынылады. 2020 жылы сатып алушылар арасында 100 грамдық құйма көп сұранысқа ие болды

НҰР-СҰЛТАН, 20 қаңтар – Sputnik. Өткен жылы Қазақстан азаматтары екінші деңгейлі банктерден және банктік емес жеке айырбастау пункттерінен жалпы салмағы 890 килограмм болатын 21 099 өлшенген құйманы сатып алды. Бұл 2019 жылмен салыстырғанда өсім 34%-ке жетті, деп хабарлады Ұлттық банк.

2017 жылдан бастап жалпы салмағы 1,57 тоннаны құрайтын 42 579 алтын құймасы сатылған.

Алтын құймалар 5, 10, 20, 50 және 100 грамм салмақта ұсынылады. 2020 жылы сатып алушылар арасында 100 грамдық құйма көп сұранысқа ие болды.

"2020 жылы сатылған барлық құйманың ішінде 100 грамдық құйма жиі сатылды. Оның 2020 жылдағы үлесі 28% – 5 859 дана", - деді банктегілер.

Одан кейінгі сұраныс жиілігі бойынша көрсеткіш мынандай: 20 грамдық – 5 634 дана (27%) және 10 грамдық құйма – 4 994 дана (24%), 50 грамдық құйма – 2 622 дана (12%), 5 грамдық құйма – 1 990 дана (9%). Құймаларды сатып алу жағынан Алматы, Нұр-Сұлтан және Атырау қалалары көш бастап тұр.

Оқи отырыңыз: Жинап жатқан ақшаңызды инфляциядан қорғау үшін не істеу керек? 

"Бағдарлама іске қосылған сәттен бастап кері сатып алуға жалпы салмағы 3,4 килограмм 131 құйма қабылданды. Оның басты себебі – алтын құймалар ұзақ мерзімді инвестициялау мен жинақтау құралы болып саналады", - деп түсіндірді банкте.

Жаңалықтар
0