Әлем

Монархияны сынаған әйел 43 жылға сотталды

© Sputnik / Anar MustafayevДевушка в наручниках, архивное фото
Девушка в наручниках, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Таиланд тұрғыны әлеуметтік желіде корольдің отбасын сынап, хабарлама таратқан. Ол тарихтағы ең ұзақ мерзімге сотталды

НҰР-СҰЛТАН, 20 қаңтар — Sputnik. Таиландта монархияны сынаған әйел рекордтық мерзімге сотталды. Ол 43 жылын темір тордың ар жағында өткізеді.

Отыз жыл бойы елдің салық басқармасында жұмыс істеген бұрынғы мемлекеттік қызметші король отбасын сынағаны үшін кінәлі деп танылды. Ол әлеуметтік желіде аудио хабарлама таратқан, деп жазады The New York Times.

Басында Бангкок соты әйелді 87 жылға соттамақ болған. Бірақ әйелдің өз кінәсін мойындағаны ескеріліп, мерзім қысқартылып отыр.

Ол 2015- 2018 жылдар аралығында сот үкімін күтіп, қамауда болған.

2020 жылы Таиландта король мен премьер-министрге қарсы наразылық қозғалыстары болды. Тұрғындар әлемдегі ең бай отбасылардың бірі саналатын басшылықтан Таиланд Контитуциясы ережелерін сақтауды талап етті. 

2016 жылдан бері Маха Вачиралонгкорн Таиланд королі болды. Ол заңға өзгеріс енгізіп, король отбасын сынайтындарды жазалауды күшейтті. Оған дейін үш жыл бұрын мұндай жаза алынып тасталған.

Бұған дейін 2017 жылы Таиландтағы рекордтық мерзім монархияны сынаған ер адамға берілді. Ол 35 жылға сотталған болатын.

Жаңалықтар
0