НҰР-СҰЛТАН, 20 қаңтар – Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігі өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан қайтыс болғандардың статистикасын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Министрліктің ақпаратынша, коронавирус инфекциясынан сегіз, ал ковидтік пневмониядан үш адам көз жұмды.
Сондай-ақ, өткен тәулікте 1134 адамда COVID-19 диагнозы расталса, 118 адам пневмониямен ауырды.
20 қаңтардағы мәлімет бойынша, қазір коронавирустан 25 038 науқас (13 404 КВИ+ және 11 643 КВИ-) емделіп жатыр. Оның ішінде 6 522 пациент стационарда, 18 516 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
Пациенттердің арасында 307 адамның жағдайы ауыр, 61-і хәл үстінде жатыр, 34 науқас жасанды тыныс алдырту аппаратына қосылған.