НҰР-СҰЛТАН, 20 қаңтар – Sputnik. Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Сергей Морозов UFC-дегі алғашқы кездесуінде Хабиб Нұрмағамедовтың немере інісі, Ресей өкілі Омар Нұрмағамедовпен кездесті.
Make that 13-0!
— UFC (@ufc) January 20, 2021
A sub win for @UmarNmgdv's UFC debut 😤
[ LIVE NOW on #ESPNPlus | #InAbuDhabi | @VisitAbuDhabi ] pic.twitter.com/8HZrzl9orM
Жекпе-жек екі раундқа ғана созылды, Омар Нұрмағамедов Морозовты тұншықтыру әдісімен жеңді. Кездесу мерзімінен бұрын аяқталды.
Айта кетейік, Хабибтің бауыры ешқашан жеңілмеген.
Хабиб Нұрмағамедов айқас аяқталғаннан кейін жеңілген Морозовтың командасына барып, құрмет белгісі ретінде қол алысып амандасты. Осы сәт видеоға түсіп қалды.
After Umar’s fight, @TeamKhabib made sure to give respect to his opponent 🤝
— UFC (@ufc) January 20, 2021
[ #UFCFightIsland8 | #InAbuDhabi | @VisitAbuDhabi ] pic.twitter.com/pCCcw3F6d7
Бұған дейін спортшылар салмақ өлшеу рәсіміне қатысып, ең жеңіл салмақтың лимитін орындады. Морозов 61,2 келі, ал Нұрмағамедов 61,7 келі тартты. Сол жерде екеуі көз арбасты.
Бұл жекпе-жек 2020 жылы қазан айында UFC 254 турнирі кезінде өтуі керек еді. Алайда Омар ауырып қалып, жекпе-жекті кейінге шегеруге тура келді.