Қоғам

"Судьяға ұқсайды": желіде тараған видеоға қатысты Алматыда ресми тексеріс басталды

© Sputnik / Алексей Куденко / Медиабанкке өтуІшімдік
Ішімдік - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Кадрда екі мас адамның бейәдеп сөздер айтып отырғаны көрінеді. Оның біреуі Алмалы аудандық сотының судьясына ұқсайды

НҰР-СҰЛТАН, 20 қаңтар – Sputnik. Алматыдағы Алмалы аудандық сотының судьясына ұқсайтын мас адамның видеосы желіде тараған соң, ресми тексеру басталды.

Видео қазақстандық блогерлердің Telegram каналында пайда болды. Кадрда екі мас адамның бейәдеп сөздер айтып отырғаны көрінеді. Оның біреуі Алмалы аудандық сотының судьясына ұқсайды.

Алматы қалалық соты бұл факті бойынша қызметтік тексеру жүргізіліп жатқанын айтты.

"Әлеуметтік желілерде тараған видео қызу пікірталас тудырды. Тіпті, желі қолданушылары видео кейіпкерінің бірі Алмалы аудандық сотының судьясы деген тұжырым да жасаған. Осы факт бойынша Алматы қалалық соты ресми тексеріс жүргізіп жатқанын хабарлаймын", – деп жазды департаменттің баспасөз хатшысы Абай Жарылқасын.

Айта кетейік, өткен жылдың мамыр айында Жаркенттегі (Алматы облысы) саунада түсірілген видео интернетте тараған. Автор төтенше жағдай кезінде аудандық соттың судьясы мен Алматы облысының аудандық прокурорымен бірге демалып жатқанын айтып мақтанған.

Кейіннен видеоға қатысты дау туындаған соң, Панфилов ауданының прокуроры Саян Шалғымбаев қызметінен босатылды.

Оқи отырыңыз: "Аянышты көрініс": экс-судья қазақстандықтардың жаға ұстатарлық оқиғаларымен бөлісті

Көп ұзамай жоғарғы сот төрағасы Жақып Асанов Алматы облысы Кербұлақ аудандық сотының төрағасы Сейітовтің өкілеттігін тоқтатты.

Сондай-ақ, Алматы облыстық сотының судья әдебі жөніндегі комиссиясы тексеру жүргізіп, аудандық сот төрағасының сот этикасын бұзғанын анықтады. Кейінірек оның да қызметтен босатылғаны белгілі болды.

Жаңалықтар
0