НҰР-СҰЛТАН, 20 қаңтар – Sputnik. 23 қаңтардан бастап Қырғызстанға ұшатын Қазақстан азаматтарынан ПТР анықтама талап етіледі. Бұл туралы Air Astana әуе компаниясының сайтында хабарланды.
Жаңа ереже Қырғызстан азаматтарын қоса алғанда, барлық жолаушыға қатысты.
"2021 жылдың 23 қаңтарынан бастап Қырғызстанға баратын барлық жолаушы (қырғызстандықтар да бар) теріс нәтиже көрсетілген ПТР тест анықтамасын ұсынуы тиіс. Анықтама 72 сағат бойы жарамды", - делінген хабарламада.
Жеті жасқа дейінгі балалардан анықтама талап етілмейді.
Тағы оқыңыз: Нұр-Сұлтаннан Мәскеуге қосымша рейстер қатынайды
Ұшумен және рейстің кешігуімен байланысты орынды себептермен анықтама мерзімінің жарамдылық мерзімі өтіп кеткен жағдайда, шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдар келген жерінде ПТР тест тапсыруға міндетті.
Анықтама ағылшын немесе орыс тілінде берілуі мүмкін. Егер анықтама басқа тілде жазылса, орыс/ағылшын тілдеріне нотариалды куәландырылған аударма қажет.