Аңдатпа

Қазақстанда 21 қаңтарда қандай маңызды оқиғалар болады

© Sputnik / Валерий Мельников / Медиабанкке өтуТеатр шымылдығы
Театр шымылдығы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Sputnik Қазақстан 21-23 қаңтар аралығында болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды (ақпарат толықтырылып отырады)

Қазақстанда бұқаралық іс-шараларды өткізуге уақытша тыйым салынды. Мемлекеттік органдардың мәжілістері мен баспасөз конференциялары онлайн режимде ұйымдастырылады. Десе де, біз алдағы күндерге жоспарланған іс-шаралар туралы ақпарат беруді жалғастырамыз.

21 ҚАҢТАРҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

Нұр-Сұлтан

10.00 – Қазақстан сенатының жалпы отырысы. Күн тәртібіне мынадай мәселелер қаралады: 1. Мәжіліс мақұлдаған "Қазақстан Республикасының үкіметі мен Грузия үкіметі арасындағы 2007 жылғы 6 наурыздағы халықаралық автомобиль қатынасы туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасы заңының жобасы туралы. 2. "Қазақстан Республикасы мен Халықаралық қаржы корпорациясы арасындағы кеңселерді құру және олардың қызметі келісімін ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасы парламентінің мәжілісінде бекітілген заң жобасы туралы. 3. Мәжіліс бекіткен "Ядролық апат немесе радиациялық төтенше жағдай туындау кезіндегі дайындықты қамтамасыз ету және олардың салдарын жоюға өзара көмек туралы ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің өзара іс-қимыл жөніндегі келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасы заңының жобасы туралы. 4. Қазақстан Республикасы парламентінің мәжілісінде мақұлданған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол қозғалысы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы заңының жобасы туралы (бірінші оқылым). Сенат отырысы онлайн режимінде өтеді. Оны палатаның www.parlam.kz сайтынан көруге болады.

Алматы

12.00 – "Как лечить львиный страх" спектаклі (Мемлекеттік қуыршақ театры, Пушкин көшесі, 63).

16.00 – Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында меншік иелері қауымдастығын құру және тіркеу алгоритмі туралы онлайн брифинг. Спикер – Алматы қаласы тұрғын үй саясаты басқармасы бастығының орынбасары Жандос Қайырханов. (Сұрақтарды 21 қаңтар күні сағат 10:00-ге дейін info@rsk.almaty.kz электронды поштасы мен сайтына немесе +7 707 934 39 84 (WhatsApp) нөміріне жібере аласыз. Әкімдіктің әлеуметтік желідегі ресми парақшасының сілтемесі: facebook.com/almaty.gov.kz, аймақтық коммуникациялар қызметі және Facebook-те Open Almaty).

18.00 – "Ким" спектаклі ("Жас сахна" театры, Абай даңғылы 117).

18.30 – "Жусан иісі" спектаклі (Ғабит Мүсірепов атындағы театр, Абылай хан даңғылы, 38).

19.30 – "Вавилонская башня" спектаклі ("Трансформа" кеңістігі, Байзақов көшесі, 280).

23 ҚАҢТАРҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

Алматы

15.00 – Аукциондық сатылым. Муковисцидозы бар балаларға арналған қайырымдылық шарасы. 9-22 қаңтар аралығында өтетін "Время ангелов" IV халықаралық интерьер-қуыршақтар көрмесін Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінде (Көктем-3 ықшам ауданы, 22/1) тамашалауға болады. Байланыс телефоны: +7 771 408 2869). Аукционға қатысу үшін cvkkaz@mail.ru мекен-жайы бойынша онлайн тіркелу керек немесе +7 777 383 5414 қоңырау шалыңыз. Онлайн каталогты мына сілтеме бойынша көруге боладыі: https://cloud.mail.ru/public/BJHH/xZbsbajuk

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан іс-шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

Жаңалықтар
0