Видео

АҚШ-тың 46-шы президенті Джо Байденнің ұлықтау рәсімі – видео

Жазылу
Америка Құрама Штаттарының астанасында 2020 жылғы президент сайлауында жеңіске жеткен Джо Байден ант қабылдады, сондай-ақ ел тарихында тұңғыш рет әйел вице-президент Камала Харрис ант берді

Инаугурация дәстүр бойынша Вашингтондағы Капитолийдің алдында өтті.

Президент сайлауын қорытындылайтын салтанатты рәсімге көрермендер көп жиналды.

Ант бергеннен кейін Ақ үйдің жаңа басшысы бірден бағдарламалық сөз сөйледі – бұл әдеттегідей сайлау алдындағы уәделерді, сондай-ақ Вашингтонның алдағы төрт жылға арналған негізгі басымдықтарын қамтыды.

Америка Құрама Штаттарының 46-шы президентін ұлықтау рәсімі қалай өткенін видеодан көріңіз.   

Жаңалықтар
0