Экономика

Банк, ломбард пен валюта айырбастау пунктерінің жұмыс кестесі өзгерді

© Sputnik / Наталья Селиверстова / Медиабанкке өтуТабло курса валют со знаком доллара
Табло курса валют со знаком доллара - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ұлттық банк пен қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі бірлескен бұйрық шығарды. Шектеу өңірдің коронавирус таралуы бойынша қандай аймақта тұрғанына байланысты болады

НҰР-СҰЛТАН, 20 қаңтар — Sputnik. Қаржы нарығы субъектілерінің жұмыс кестесі өзгерді. Бұл туралы Ұлттық банк пен қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің бірлескен бұйрығында жазылған.

"Қызыл", "сары" және "жасыл" аймақтарда қызметкерлер санына байланысты шектеу енгізілді", - делінген агенттік сайтында.

Өзгеріс қандай ұйымдарға қатысты болады

Бұйрық екінші деңгейлі банктер, резидент емес банктер филиалы, валюта айырбастау пункті, ипотекалық ұйым, сақтандыру ұйымы мен брокерлері, кредиттік ұйым, төлем ұйымдары, ломбард, шағын қаржы ұйымдары және коллекторлық агенттік жұмысына қатысты болады. 

"Қызыл" аймақтағы ұйымдар халыққа қызмет көрсеткен кезде күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режим шараларын қатаң сақтау қажет. Филиалдың, пункттің жалпы штат санының кемінде 60% қызметкерлерінің қашықтан жұмыс істеуге ауысуы қамтамасыз етілсін. Кейбір ұйымдар өндірістік қажеттілік кезінде қызметкерлердің тек 40 процентін қашықтықтан жұмысқа көшіре алады", - делінген хабарламада.

"Сары" және "жасыл" аймақтарға жалпы штат санының кемінде 50%-ін қашықтан жұмыс істеуге ауыстыруы керек. Ал өндірістік қажеттілігі бар ұйымдарда бұл көрсеткіш 30 процент бола алады. Бірақ санитарлық талаптар сақталуы шарт.

"Екінші деңгейдегі банктер клиенттер операцияларын өңдеуді жүзеге асыратын қызметтердің жұмысын ұйымдастыруды қамтамасыз етсін. Сондай-ақ, банкоматтардың, терминалдардың, интернет-банкингтің, мобильді банкингтің және басқа да клиенттердің банктік шоттарын қашықтан басқару жүйелерінің, инкассаторлық қызметтің, call-қызметтің, төлем карталарын жеткізу қызметінің үздіксіз жұмыс істеуін қадағалауы тиіс", - делінген хабарламада.

Халықты қолма-қол ақшамен қамтамасыз ету бойынша үздіксіз қызметті, оның ішінде банкоматтарды қолма-қол ақшамен толықтыруды және олардың кідіріссіз жұмысын жүзеге асыру тапсырылды.

"Қызыл" аймаққа енген өңірлер

  • "Қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола, Атырау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстары;
  • "Сары" аймақта: Алматы, Қарағанды, Батыс Қазақстан облыстары;
  • "Жасыл" аймақта - қалған өңірлер.
Жаңалықтар
0