АЛМАТЫ, 20 қаңтар – Sputnik. Алматы экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері қалада заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырды деген күдікпен ер адамды ұстады.
Тергеу барысында ер адамның электронды казино ашқаны анықталды. Ол өзінің заңсыз бизнесінің арқасында 31,1 миллион теңгеден астам ақша тапқан.
Оқи отырыңыз: ҰҚК қызметкерлері ойынханадағы 30-дан астам адамды ұстады – видео
Тінту кезінде одан төрт ойын терминалы мен 52 компьютер тәркіленді, оларға құмар ойындарын ойнауға мүмкіндік беретін қосымшалар орнатылған.
Сот ұсталған адамды Қазақстан Қылмыстық кодексінің 307-бабы (Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру) бойынша кінәлі деп тапты. Ол төрт жылға сотталды.