АЛМАТЫ, 20 қаңтар – Sputnik. Қазақстанда кейінгі бір аптада коронавирус инфекциясынан 54 адам қайтыс болды. Бұл туралы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия хабарлады.
11 қаңтар мен 17 қаңтар арасында 54 адам қайтыс болды:
- Алматы қаласында – 9;
- Батыс Қазақстан облысында – 8;
- Алматы облысында – 7;
- Павлодар облысында – 6;
- Шымкент қаласында – 5;
- Ақтөбе облысында – 4;
- Нұр-Сұлтан қаласында – 4;
- Атырау облысында – 3;
- Қарағанды облысында – 3;
- Ақмола облысында – 2;
- Шығыс Қазақстан облысында – 1;
- Маңғыстау облысында – 1;
- Түркістан облысында – 1.
Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, 20 қаңтардағы ақпарат бойынша Қазақстанда пандемия басталғалы 171 232 адам инфекция жұқтырды, 2431 адам қайтыс болды. Бірінші тамыздан бастап 46 984 адам пневмонияға шалдықты, 545 адам көз жұмды.
Өткен тәулікте 1 134 адамнан коронавирус анықталды, 118 адам пневмонияға шалдықты.