НҰР-СҰЛТАН, 19 қаңтар — Sputnik. Отставкадағы генерал-майор Владимир Назаренко мен Уәлиханов атындағы қорғаныс министрлігі әскери колледжінің басшысы, полковник Серік Асанов бір күнде дүниеден өтті. Қаралы хабарды қорғаныс министрлігі айтты.
"Олар бір күнде - 19 қаңтарда көз жұмды. Біз үшін бұл орны толмас қаза", - деді ведомствода.
Генерал-майор Назаренко
Владимир Петрович Назаренко 71 жасында өмірден озды.
Ол 2004-2005 жылдары Құрлықтағы әскерлер бас қолбасшысының орынбасары болды.
2019 жылы комиссия құрамында жарылыстар болған Арыстағы әскери бөлім қоймаларын тексерумен айналысты.
Серік Асанов несімен есте қалды
Уәлиханов атындағы қорғаныс министрлігі әскери колледжінің басшысы, полковник Серік Асанов 52 жасында көз жұмды.
Соңғы төрт жылда әскери кадрлар даярлаумен айналысқан. ҚР Қарулы күштері Құрлықтағы әскерлер әскери институтының басшысы болды. Кейін әскери колледжге басшылық етті.
Қорғаныс министрлігінің басшылығы мен жеке құрамы Владимир Назаренко мен Серік Асановтың отбасы мен жақындарына көңіл айтты.