Өңірлер

Қазақстанның тағы бір қаласында карантин күшейеді

© AP Photo / Andy WongМаска ұстаған адам, архивтегі сурет
Маска ұстаған адам, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сауда үйлері мен базарлар жексенбі күндері жұмысын тоқтатады, қаулы 21 қаңтардан бастап күшіне енеді

НҰР-СҰЛТАН, 19 қаңтар – Sputnik. Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының аумағында 21 қаңтардан карантиндік шаралар қатаңдатылады. Тиісті қаулыға қол қойылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Қала аумағында ойын-сауық, спорттық іс-шаралар, көрме, форум, конференция, концерттер, сондай-ақ отбасылық (банкет, үйлену тойы, мерейтой), еске алу шараларын, оның ішінде үйде және адамдар көп жиналатын өзге де іс-шараларды өткізуге сол күйі тыйым салынған.

Сондай-ақ, жаңа қаулыға сәйкес, жабық азық-түлік емес және азық-түлік базарлары жексенбі күндері жұмысын тоқтатады. Даладағы базарлар да жексенбі күндері жұмыс істемейді.

Сауда үйлері мен орталықтары (павильондар, бутиктер) жексенбі күндері жабылады, бірақ олардың ішінде орналасқан азық-түлік супермаркеттері мен дәріханалар, сұлулық салондары, химиялық тазарту жұмыс істей береді.

Қоғамдық тамақтану орындарының жұмыс кестесі 9:00-ден 20.00-ге дейін белгіленіп отыр.

Тағы оқыңыз: Нұр-Сұлтанда карантинге қатысты жаңа қаулы жарияланды

Тамақты алып кету және жеткізу қызметін көрсететін қоғамдық тамақтану нысандары сағат 9:00-ден 23:00-ге дейін ашық болады.

Бұдан бөлек, мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор ұйымдары қызметкерлерінің кемінде 80%-ін "қашықтан жұмыс" форматына ауыстыруы тиіс.

Халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс күндері сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін, сенбі сағат 09:00-ден 14:00-ге дейін істейді. Карантиндік шараларды сақтау үшін ХҚКО-ға Egov.kz, EgovKZBot телеграм бот арқылы кезекті алдын ала брондау арқылы бару ұсынылады.

Қаулы 2021 жылдың 21 қаңтарынан бастап заңды күшіне енеді.

Жаңалықтар
0