НҰР-СҰЛТАН, 19 қаңтар – Sputnik. Биыл 1 наурыздан бастап әлеуметтік маңызы бар бағыттарда теміржол билеттерінің бағасы 7 процентке көтеріледі. Sputnik Қазақстан нақты қай пойыз билетінің құны қымбаттайтынын білді.
Ресми мәліметке сәйкес, әлеуметтік маңызы бар бағыттарда халық жиі жүреді. Сол себепті осы санаттағы пойыздарға мемлекет тарапынан субсидия бөлінеді. Олар 106 бағытта жүреді. Соның ішінде 9 мемлекетаралық бағдар бар.
Бүгінде COVID-19 пандемиясына байланысты мемлекетаралық пойыздардың қатынасы тоқтатылды. Ал ішкі бағдарлардың саны қысқарып отыр. Қазіргі кезде әлеуметтік маңызы бар 32 бағдарда теміржол тасымалы ұйымдастырылған.
Билет бағасы 7 процентке қымбаттайтын бағдарлар:
- №003/004 - Нұр-Сұлтан - Алматы;
- №010/009 - Нұр-Сұлтан - Алматы;
- №011/012 - Алматы – Шымкент;
- №021/022 - Қызылорда - Семей;
- №024/023 - Ақтөбе - Алматы;
- №025/026 - Алматы - Шымкент;
- №031/032 - Павлодар - Алматы;
- №033/034 - Ақтөбе - Алматы;
- №037/038 - Нұр-Сұлтан - Маңғыстау;
- №041/042 - Алматы - Атырау;
- №047/048 - Нұр-Сұлтан - Атырау;
- №053/054 - Нұр-Сұлтан - Достық;
- №067/068- Нұр-Сұлтан - Өскемен;
- №77/78 - Алматы - Маңғыстау;
- №085/086 - Нұр-Сұлтан - Сарыағаш;
- №258/257 - Нұр-Сұлтан - Достық (жазғы уақытта);
- №313/314 - Атырау - Маңғыстау;
- №321/322 - Алматы - Сарыағаш;
- №339/340 - Павлодар - Преснегорьковская;
- №351/352 - Алматы - Өскемен;
- №353/354 - Нұр-Сұлтан - Семей;
- №373/374 - Алматы - Жезқазған;
- №379/380 - Алматы - Орал;
- №603/604 - Нұр-Сұлтан - Арқалық;
- №613/614 - Орал - Ақтөбе;
- №623-627/624-628 - Нұр-Сұлтан - Қызыл-Ту – Петропавл;
- №673/674 - Павлодар - Нұр-Сұлтан;
- №692/691 - Ақтөбе - Атырау.
Тіркемелі және жолда тоқтамайтын вагондар:
- №21/22 - Алматы - Семей;
- №77/313 /314/78 - Алматы - Құлсары;
- №22/6941/6942/21 - Алматы - Достық (жазғы уақытта).