Қоғам

Қазақстанның төрт облысында коронавирусқа байланысты 19 бекет қойылды

© Sputnik / Тимур БатыршинБлокпост в Алматы
Блокпост в Алматы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Yandex newsTelegram
Алматы, Қостанай, Ақтөбе облыстарында 15 санитарлық бекет, Атырау облысында 4 блокбекет жұмыс істеп тұр

НҰР-СҰЛТАН, 19 қаңтар – Sputnik. Коронавирусқа байланысты Қазақстан бойынша 15 санитарлық және 4 блокбекет қойылды. Бұл туралы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Бас санитар дәрігерлердің қаулысына сәйкес, еліміз бойынша 15 санитарлық бекет (Алматы, Қостанай, Ақтөбе облыстары), Атырау облысында 4 блокбекет қойылған. Карантиндік іс-шараларға 10 мыңнан астам полицей мен Ұлттық ұланның әскери қызметкерлері жұмылдырылды. 290 карантин нысаны бақылауда", - деді министр үкімет отырысында.

Тұрғымбаев әуе және теміржол көлігінде вирустың таралуына жол бермеу шаралары жалғасып жатқанын айтты.

Әуежайлар мен теміржол вокзалдарында жолаушылар ағыны орта есеппен тиісінше 31 мың және 17 мың адамды құрайды.

Оқи отырыңыз: Министр Қазақстанда коронавирустың шарықтау шегі қашан болатынын болжады 

"Көлік нысандарынан 1 қаңтардан бері ПТР тесті жоқ 3 мың 200 адам карантинге орналастырылды. Соңғы күндері тәулігіне 150 адамға дейін карантинге жіберіледі", - деді ведомство басшысы.

Сондай-ақ, карантиндік шектеулердің сақталуын бақылау бойынша 1 мыңнан астам мобильді топ жұмыс істеп жүр. Жыл басынан бері 9 мыңнан аса рейд жүргізілген.

Жаңалықтар
0