Әлем

Жол ақысына ақшасы жетпеген: автобус жүргізушісі қыздың бас киімін тартып алды

© Sputnik / Алексей Мальгавко / Медиабанкке өтуСильные морозы
Сильные морозы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Тергеу органдары автобус жүргізушісі кәмелетке толмаған жолаушыны тонады деген күдікке ілінгенін хабарлады

НҰР-СҰЛТАН, 19 қаңтар — Sputnik. Билетке ақшасы жетпеген 14 жасар қыздың бас киімін алып қойған автобус жүргізушісі ұсталды. Оқиға Ресейдің  Хабаровск қаласында болды.   

Қыз қақаған аязда аялдамадан үйіне дейін бас киімсіз барған.

Бағдардағы автобустың жүргізушісі ұсталды, деп хабарлады Хабаровск өлкесі бойынша тергеу комитетінің баспасөз қызметі.

"Тергеу мәліметіне сәйкес, Хабаровскіде бағдар бойымен келе жатқан рейстік автобустың жүргізушісі билетке ақшасы жетпеген 14 жастағы жолаушының тоқылған бас киімін тартып алған. Тергеу органдары қылмыс жайлы интернет пен әлеуметтік желілерді шолу кезінде білді. Бұл оқиға туралы жазба үлкен қоғамдық резонанс тудырды", - делінген ведомствоның хабарламасында.  

Істі тергеу аясында қылмысты жасауға ықпал еткен себептер мен жағдайларды анықтау қажет екендігі анықталды.   

Күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасын таңдау мәселесі шешіліп жатыр. Тергеу амалдары жалғасуда.

Айта кетейік, жақында Нұр-Сұлтанда да автобус жүргізушісі жауапқа тартылған болатын. Facebook қолданушысының айтуынша, "Министрліктер үйі" аялдамасында жүргізуші ортаңғы есіктен кірмек болған әйелге есікті жауып қойған. Бұған дейін жүргізуші оның 9-10 жастағы мүгедек баласын салонға кіргізген. Әйел есікті қаға бастаған, бірақ жүргізуші аялдамадан жүріп кетеді. Жолаушы автобусты жол-жөнекей көлікпен келесі аялдамада қуып жеткен, бірақ әйел мүгедек балам іште қалды деп айқайлағанына қарамастан, жүргізуші есікті қайтадан жауып тастайды. Одан кейінгі аялдамада ғана ол салонға кірген.  

Нұр-Сұлтан автобусындағы жанжал: жүргізуші жұмыстан шеттетілді

Қызметтік тексерістен кейін "№1 автобус паркі" АҚ әкімшілігі әйелге қорлық көрсеткені үшін №60 автобустың жүргізушісін жұмыстан шығарды.

Жаңалықтар
0