Әлем

Жүк көлігі жол жиегінде ұйықтап жатқан 15 адамды басып өлтірді

© AFP 2024 / MANJUNATH KIRANАвтомобили на улицах Индии
Автомобили на улицах Индии - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Болжам бойынша, жүк көлігінің жүргізушісі қант қамысы тиелген арбаға соқтығысқаннан кейін көлікті басқара алмай қалған

АЛМАТЫ, 19 қаңтар — Sputnik. Үндістанның Гуджарат штатында он бес адам жүк көлігінің астында қалып, көз жұмды. Жұмысшылар жол жиегінде ұйықтап жатқан. Болжам бойынша, жүргізуші көлік рөліне ие бола алмай қалған.

Полицияның мәліметінше, 12 адам оқиға орнында, қалған үш азамат медициналық көмек көрсетілгеннен кейін қайтыс болды. Тағы сегіз адам ауруханаға жеткізілген. Оқыс оқиға сейсенбі, 19 қаңтарда болған.

Түркістан облысында жол жиегінде көлігін жөндеп жатқан ер адам көз жұмды

Жергілікті NDTV телеарнасы қайтыс болған жұмысшылардың барлығы Раджастан штатынан келгенін хабарлады.

Үндістанның премьер-министрі Нарендра Моди Twitter арқылы қаза болғандардың отбасыларына көңіл айтты.

"Сурат қаласында болған жол апаты – үлкен қайғылы оқиға. Қаза болғандардың отбасыларына қайғыра көңіл айтамын. Зардап шеккендердің тез арада сауығып кетуіне дұға етіп жатырмын", - деп жазды ол.  

Болжам бойынша, жүк көлігінің жүргізушісі қант қамысы тиелген арбаға соқтығысқаннан кейін көлікті басқара алмай қалған. Арба қарама-қарсы бетте келе жатқан.  

Соқтығысу салдарынан жүк көлігінің алдыңғы терезесі шытынып, жүргізуші жолды көрмей қалған. Қазір ол қамауға алынды.

Жаңалықтар
0