Өңірлер

Түркістан облысында демалыс күндері бірқатар нысан жұмыс істемейді

© REUTERS / TYRONE SIUРаботники в защитных костюмах проводят дезинфекцию в помещении
Работники в защитных костюмах проводят дезинфекцию в помещении - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының аумағында 21 қаңтардан карантиндік шаралар қатаңдатылады. Сондай-ақ, Нұр-Сұлтан қаласында да шектеу шаралары күшейтілді

АЛМАТЫ, 19 қаңтар – Sputnik. Түркістан облысындағы базарлар демалыс және мереке күндері жабылады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Түркістан облысы тұрғындары арасында коронавирус инфекциясының таралуына тосқауыл болу мақсатында карантин мен шектеу шаралары ұзартылды. Өңірдің бас санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес, 15 қаңтардан бастап жабық базарлар демалыс және мереке күндері жұмыс істемейді. Жұмыс күндері сағат 09.00-ден 19.00-ге дейін қызмет көрсетеді.

Сондай-ақ, үй жанындағы дүкендер сағат 09.00-ден 23.00-ге дейін жұмыс істейді. Мал базарлар санитариялық-дезинфекциялық режимді күшейте отырып, тек сәрсенбі ашық болады.

Демалыс және мереке күндері қоғамдық тамақтану объектілерінің қызметі тоқтатылады. Олар дүйсенбі-жұма 09.00-ден 23.00-ге дейін ашық. Нысандарда санитариялық-дезинфекциялық режим, 2 метр әлеуметтік арақашықтық сақталуы керек.

Құрылыс, оптика, гүл дүкендері мен зоомагазиндердің қызметі жұмыс күндері сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін, демалыс және мереке күндері жұмысы тоқтатылды.

Сұлулық салондары, шаштараздар, СПА-орталықтар, косметологиялық қызмет көрсететін объектілер қызметі сағат 09.00-ден 21.00-ге дейін шектеледі. Міндетті түрде алдын ала жазылу арқылы қабылдайды.
Мектепке дейінгі балалар мекемелерінің кезекші топтарында 15 баладан аспайды. 

Айта кетейік, Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының аумағында 21 қаңтардан карантиндік шаралар қатаңдатылады. Сондай-ақ, Нұр-Сұлтан қаласында да шектеу шаралары күшейтілді.

Жаңалықтар
0