Қоғам

Цой Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар неге көбейіп жатқанын түсіндірді

© REUTERS / Bing GuanСотрудник лаборатории проводит исследования в рамках создания вакцины от коронавируса
Сотрудник лаборатории проводит исследования в рамках создания вакцины от коронавируса - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Желтоқсан мен қаңтар айларындағы ұзақмерзімді мерекелер кезінде халықтың профилактика шараларын сақтамауы салдарынан вирус жұқтырғандар саны өсіп жатыр, деді министр

НҰР-СҰЛТАН, 19 қаңтар – Sputnik. Қазақстандықтардың санитарлық талаптарды сақтамауының кесірінен коронавирус жұқтырғандар саны көбейіп барады. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Полиция үш ай бойы коронавирустан "жасырынған" ер адамды ұстады 

Цой республикада қараша айынан бері індетке шалдығу көрсеткіші өскенін атап өтті. Қарашада қазан айымен салыстырғанда 4,5 есеге артса, желтоқсанда қарашамен салыстырғанда 1,2 есеге көбейген.

"Қаңтарда бірқалыпты өсу үрдісі сақталып отыр. Бұл желтоқсан мен қаңтар айларында ұзақмерзімді мерекелер кезінде халықтың профилактика шараларын сақтамауының салдары. Қаңтар айы басталғалы бері 14 625 адам вирус жұқтырды. Ауруға шалдығу өсімі Шығыс Қазақстан облысынан басқа, барлық өңірде байқалып отыр", - деді министр үкімет отырысында.

Айтуынша, 19 қаңтардағы жағдай бойынша коронавирустың таралуы бойынша "қызыл" аймаққа алты өңір – Ақмола, Атырау, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары және Нұр-Сұлтан қаласы кірген.

"Сары" аймақта Батыс Қазақстан, Алматы, Қарағанды облыстары орналасты. Қалған сегіз өңір "жасыл" аймақта тұр.

Жаңалықтар
0