Экономика

Мемлекет басшысы Ахметжан Есімовті қабылдады

© Официальный сайт Президента КазахстанаТокаев, Есимов и Бозумбаев
Токаев, Есимов и Бозумбаев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ахметжан Есімов соңғы 3 жылда "Самұрық-Қазына" займдарды өтеу үшін өз бастамасымен Ұлттық қорға 554 миллиард теңге қаржы аударғанын айтты

НҰР-СҰЛТАН, 19 қаңтар — Sputnik. Қазақстан президенті "Самұрық-Қазына" әл-ауқат қорының басқарма төрағасын қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.

Кездесу барысында Ахметжан Есімов акционерлік қоғамның 2020 жылы атқарған жұмыстарының алдын ала қорытындылары туралы баяндады.

"Жаһандық дағдарыс пен пандемияға қарамастан, холдинг өткен жылы өз қызметін табысты атқарды. Қорға қарасты компаниялар қызметкерлерінің жаппай қысқаруына жол берілмеді. Қор компаниялары активтерінің өсімі 800 миллиард теңгеге жетті", - деді ол.

Ахметжан Есімов соңғы 3 жылда "Самұрық-Қазына" займдарды өтеу үшін өз бастамасымен Ұлттық қорға 554 миллиард теңге қаржы аударғанын айтты. Холдингке қарасты компаниялардың бизнес-үдерістерін цифрлық трансформациялау нәтижесінде 171 миллиард теңге пайда түскен.

Сонымен қатар мемлекет басшысына отандық тауар өндірушілерді қолдауға бағытталған ауқымды жұмыстар туралы ақпарат берілді. 2018-2020 жылдардың қорытындысына сәйкес сатып алулар бойынша үнемделген қаржы 410 миллиард теңге болды.

Атқарылған ауқымды жұмыстардың нәтижесінде "Самұрық-Қазына" холдингінің кредиттік рейтингі BB+/B "тұрақты" деңгейде екенін халықаралық Standart & Poor`s рейтинг агенттігі нақтылады.

Ахметжан Есімовтің айтуынша, "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы мұнай бағасының едәуір арзандағанына және OPEC+ компаниясының шектеулеріне қарамастан, қаржылық рейтингте оң көрсеткішін сақтап қалды. "Қазақстан Темір Жолы" акционерлік қоғамы соңғы 6 жылда бірінші рет өткен жылды қаржылық тұрғыдан пайдамен аяқтаған. "Қазатомөнеркәсіп" акционерлік қоғамы активтерінің құны IPO-ға (2018 жылы) шыққалы 2,1 миллиардтан 5,1 миллиард АҚШ долларына дейін көтерілген. "Самұрық–Энерго" акционерлік қоғамының қарызы 100 миллиард теңгеге азайды.

Кездесу соңында президент Есімовке бірқатар нақты тапсырма берді.

Жаңалықтар
0