Оқиға

Нұр-Сұлтанда ер адам әйелін өлтіріп, артынан өзіне пышақ салды

© Sputnik / Абзал КалиевПышақ ұстаған ер адам, иллюстративті фото
Пышақ ұстаған ер адам, иллюстративті фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Оқиға орнына шұғыл жеткен медициналық жедел жәрдем қызметкерлері екі адамның қайтыс болғанын растады

НҰР-СҰЛТАН, 19 қаңтар – Sputnik. Елорда тұрғыны әйелін пышақтаған соң пәтерді ішінен жауып, өзіне пышақ салды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Ресми мәліметке сәйкес, оқиға өткен демалыс күні болған.

Көппәтерлі үйдің бірінде тұратын туысқандар арасында жанжал шыққан. Ашуға бой алдырған ер адам әйеліне пышақ ала жүгірген. Сондай-ақ, жұбайының әпкесіне де жарақат салған. Бірақ ол пәтерден қашып шығып, адамдардан көмек сұраған. Көршілер бірден полицияға хабар берген.

"Есік іштен құлтанғандықтан құқыққорғаушылар үйге бірден кіре алмады. Полицейлер есікті бұзып кіруге мәжбүр болды. Пәтердің ішінде 46 жастағы әйел мен оның жолдасының мәйіті табылды. Ер адам өз-өзіне пышақ салған", – дейді полицейлер.

Оқиға орнына келген медициналық жедел жәрдем мамандары екі адамның да қайтыс болғанын растады.

Оқи отырыңыз: Полицейлер пышақ ала жүгірген жасөспірімдерді атып тастады – видео  

Қазіргі кезде қылмыстық іс қозғалды. Тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.

Жаңалықтар
0