Қоғам

Мамин үкіметтің жаңа құрамы халықтың тұрмысын жақсартумен айналысатынын айтты

© Sputnik / Владислав ВодневЗдание правительства РК в Астане
Здание правительства РК в Астане - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Премьер-министр алдағы уақытта халықтың өмір сүру сапасын, әл-ауқатын жақсартуға және табысын арттыруға жағдай жасалатынын атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 19 қаңтар – Sputnik. Сейсенбі, 19 қаңтар үкіметтің жаңартылған құрамының алғашқы отырысы өтті. Премьер-министр Асқар Мамин жаңадан жасақталған министрлер кабинеті қандай бағыттарға баса мән беретінін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Бүгін үкіметтің жаңартылан құрамының алғашқы отырысы. Парламент әрбір үкімет мүшесін мақұлдады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті жарлықтарға қол қойды. Бұл Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың, мемлекет басшысы және парламенттің жоғары сенім білдіруі. Біз оны үлкен жауапкершілікпен атқарып, Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасын және біздің алдымызға қойылған барлық міндетті сапалы орындауымыз керек", - деді Мамин.

Ол алдағы уақытта халықтың өмір сүру сапасын, әл-ауқатын жақсартуға және табысын арттыруға, сонымен қатар жаңа жұмыс орындарын құруға жағдай жасалатынын атап өтті.

Сонымен бірге, әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі бағыттарына баса назар аударылады.

Оқи отырыңыз: Тоқаев үкіметтің жаңа мүшелерін тағайындады  

Премьердің айтуынша, экономиканың бәсекеге қабілеттігін арттыруға, инвестиция тартуға, жаңа технологиялар және экспортты дамытуға бағытталған нақты шараларды жүзеге асыру қажет.

"Осыған орай еліміздің одан әрі әлеуметтік-экономикалық даму жолында барлық күш-жігерімізді салып, нақты нәтижеге тиімді және сапалы жұмыс атқаруымыз керек", - деді ол.

Айта кетсек, 18 қаңтарда президент Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің жаңа құрамын бекітті. Премьер-министрдің бірінші орынбасары мен тағы екі орынбасары өзгерген жоқ. Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді төртінші вице-премьер қызметін қоса атқарады. Министрлердің басым бөлігі де өз орнын сақтап қалды. Екі министр ғана ауысты. Олар - еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі мен ұлттық экономика министрі.

Жаңалықтар
0