Қоғам

Коронавирустың "британдық" штаммы Қазақстанға жетті ме – министр жауабы

© AFP 2024 / PEDRO PARDOКоронавирус инфекциясына тест
Коронавирус инфекциясына тест - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бүгінге дейін әлемнің 220 елінде 95 миллионнан аса адам коронавирусқа шалдықты. Оның ішінде екі миллионнан астамы қайтыс болды

НҰР-СҰЛТАН, 19 қаңтар – Sputnik. Ұлыбританияда таралған коронавирустың жаңа штаммы Қазақстанда анықталған жоқ. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Айтуынша, министрлік вирустың мутацияға бейімділігін ескеріп, Қазақстандағы вирустың штаммдарына тұрақты түрде молекулярлық-генетикалық зерттеу жүргізіп отырады.

Талдау нәтижесі зерттелген сынамалар генетикалық жағынан Германия, Испания, Украина, Ресей, АҚШ және Қытайда анықталған штаммдарға ұқсас екенін көрсеткен.

"Аурудың симптомды және симптомсыз формасы, сондай-ақ, вирустың таралуы мен ауырлығы вирустың қандай да бір генетикалық топқа жататынына байланысты емес. Анықталу жиілігі жоғары мутациялар айқындалды. Зерттелген сынамаларда британдық штамм анықталған жоқ. Бұл бағытта жұмыс жалғасып жатыр", – деді Цой үкімет отырысында.

Айта кетейік, 19 қаңтардағы жағдай бойынша әлемнің 220 елінде 95 миллионнан аса адам коронавирусқа шалдықты. Оның ішінде екі миллионнан астамы қайтыс болды. Жаһандық өлім-жітім көрсеткіші 2,1 %-ті құрайды.

Оқи отырыңыз: Цой Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар неге көбейіп жатқанын түсіндірді

Жаңалықтар
0