Өңірлер

Туысы тауып алған: Аягөзде әйел мен оның 13 жастағы ұлы көз жұмды

© REUTERS / SHAMIL ZHUMATOVПеш, архивтегі сурет
Пеш, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Марқұмның қалған екі баласы ауруханада жатыр, болжам бойынша жазатайым оқиғаға тазаланбаған мұржадан шыққан улы газ себеп болған

НҰР-СҰЛТАН, 19 қаңтар – Sputnik. Аягөз қаласында жер үйде тұратын әйел мен оның үш баласына иіс тиді.

Трагедия 19 қаңтар күні сағат 09:30-да Серғазин көшесіндегі жер үйде болған.

Улы газдан уланған отбасы мүшелерін үй иесінің туысқаны тауып алды.

"32 жастағы әйел оқиға орнында көз жұмды. Үш бала ауруханаға жеткізілді. Алайда көп ұзамай 2008 жылғы ұл бала ауруханада жан тапсырды", - деп мәлімдеді ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли.

Қазір 2013 жылғы ұл мен 2015 жылғы қыз ауруханада жатыр.

Оқиға орнында өрт сөндіру зертханасының мамандары жұмыс істеуде.

Министрліктің ақпаратынша, жазатайым оқиғаға пештің тазаланбаған мұржасынан шыққан улы газ себеп болуы мүмкін.

ТЖМ пеш жағу кезінде қауіпсіздік шараларын сақтау қажеттігін ескертті:

  • қатты отынмен жанатын пешті пайдалану кезінде пеш қалыпты тарту үшін түтіндікті жаппау;
  • мұржа мен пешті жиналған күйеден түрақты түрде тазалап отыру қажет (кем дегенде екі айда бір рет);
  • жанып жатқан пешті қараусыз қалдыруға болмайды;
  • отын пештің сыртына шығып тұрған жағдайда оны тұтатуға болмайды;
  • пештің мұржасын жөндеу жұмыстарын уақтылы жүргізіп отырған абзал.
Жаңалықтар
0