АЛМАТЫ, 19 қаңтар – Sputnik. Алматы қаласының әкімдігі қала тұрғындарының 3-16 қаңтар арасында өткен екі аптада коронавирусты жай жерде жиі жұқтырғанын хабарлады.
Науқастардың 40,1%-і қоғамдық орындарда, 27,4%-і коронавируспен ауыратын науқаспен отбасы ішінде, 22,8%-і қалалық көлікте, 5,6%-і жұмыста, 2,6%-і инфекцияны шетелден және Қазақстанның басқа өңірінде жұқтырған.
Науқастардың жас ерекшелігі:
- 20-39 жас – 34,7%;
- 40-59 жас – 28,7%;
- 60 жас және одан жоғары – 21,3%.
Алматылықтар инфекцияны қай елде жиі жұқтырды
2020 жылдың 6 қазанынан бастап 2021 жылдың 18 қаңтарына дейін Алматы халықаралық әуежайына 109 724 жолаушысы бар 773 рейс келді. Оның ішінде 79 адамнан коронавирус анықталды. Олар:
- Түркия – 30 адам;
- БАӘ – 18 адам;
- Египет – 23 адам;
- Беларусь – 5 адам;
- Мальдив – 2 адам;
- Украина – 1 адам.
Сондай-ақ, анықтаманың жоқтығынан 31 шетел азаматы кері қайтарылды.
150-ден астам адам ауыр жағдайда жатыр
Өткен тәулікте Алматыда 79 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды, оның ішінде 59 адамда коронавирус белгілері бар, қалған 20 адам симптомсыз.
Инфекцияның күнделікті өсуі 0,3% құрайды. Вирустың репродуктивтік көрсеткіші Алматы қаласы бойынша – 0,991.
Қаланың инфекциялық стационарларында 763 пациент бар, оның ішінде 16-сы аса ауыр жағдайда. 141 науқастың жағдайы ауыр және 604 адамның жағдайы орташа ауыр деп бағаланды.
Алматы коронавирус өршуіне дайын ба?
Мегаполис әкімі Бақытжан Сағынтаев қалада 7 011 төсек-орындық (оның ішінде 250 реанимациялық) 23 стационарды дайындауға тапсырма берді. Емханаларда медициналық жабдықтарды жаңарту жұмыстары жүргізілді. Екі жаңа емхананың құрылысы аяқталды: 500 төсек-орынға арналған инфекциялық госпиталь және 300 төсек-орынға арналған модульдік стационар. Осылайша, соңғы үш айда инфекциялық төсек саны екі есе артты.
Сонымен қатар алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарының жұмысы күшейтілді. 73 емханада 298 мобильді бригада жұмыс істейді. Медицина қызметкерлерінің қауіпсіздігі мен дайындығына ерекше назар аударылды. Жеке қорғаныш құралдарының қоры құрылды. Эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған медицина қызметкерлерінен басқа 2 450 маманнан тұратын кадрлық резерв дайындалды.
Тәулігіне 14 600 зерттеу жүргізетін 23 ПТР зертхана жұмыс істейді, болашақта 22 700 зерттеуге дейін ұлғайту мүмкіндігі бар. Пандемия басталғаннан бері Алматы аумағында орналасқан зертханаларда барлығы 826 мың ПТР зерттеу жүргізілді. Сондай-ақ, тәулігіне 3 056 зерттеу өткізу қуаты бар 12 ИФТ зертхана жұмыс істейді.
Оқи отырыңыз: "Вирусты әлі жеңген жоқпыз". Цой қазақстандықтарды сақ болуға шақырды
Айта кетейік, пандемия басталғалы Алматыда 20 523 адам инфекция жұқтырды, 18 484 адам жазылды.