Спорт

Қазақстандық теннисші Голливуд жұлдызын тәнті етті – видео

© AFP 2024 / Eric Feferberg Юлия Путинцева
Юлия Путинцева - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Юлия Путинцева қонақ үйдегі бөлмесінде карантинде отыр, спортшы теннистен Австралия ашық чемпионатында сынға түседі

НҰР-СҰЛТАН, 18 қаңтар – Sputnik. Голливуд жұлдызы, режиссер, "Оскар" сыйлығының лауреаты Рассел Кроу қазақстандық теннисші Юлия Путинцеваға тәнті болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Қазақстандық спортшы Twitter-де қонақ үйдегі бөлмесінде алдағы чемпионатқа қалай дайындалып жатқанын көрсетіп, видео жариялады.

Рассел Кроу Путинцеваның жаттығуына баға беріп, видеоны өз парақшасында бөліскен.

"Australian Open-дағы (теннистен Австралия ашық чемпионаты) менің жаңа сүйікті теннисшім", - деп жазды Голливуд актері.

Рассел Кроу "Гладиатор", "Секреты Лос-Анджелеса", "Ной", "Игры разума", "Отверженные" және "Мумия" фильмдеріндегі рөлі арқылы кеңінен танымал. 2001 жылы "Оскар" сыйлығының лауреаты атанды.

sports.kz хабарлағандай, Юлия Путинцева мінген ұшақта үш жолаушының коронавирусқа қарсы тесті оң нәтиже көрсетті. Осыған байланысты қазақстандық теннисші Мельбурнде қонақ үйдегі нөмірінде карантинде отыр.

Жаңалықтар
0