Қоғам

Дәрігер шашы түсіп жатқандар үшін жағымсыз жаңалық хабарлады

© Depositphotos.com / Fotodomмаска расческа волосы оздоровление девушка стайл
маска расческа волосы оздоровление девушка стайл - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Маман қандай жағдайда шаштың түсуін тоқтату мүмкін емес екенін айтып берді. Андрогенетикалық бейімділігі бар адамдарда ол қалпына келмейді

НҰР-СҰЛТАН, 18 қаңтар — Sputnik. Дәрігер және тележүргізуші Александр Мясников қандай жағдайда шаштың түсуін тоқтату мүмкін емес екенін айтып берді. 

Оның айтуынша, шаш түсуіне андрогенетикалық бейімділігі бар адамдарда ол қалпына келмейді.

"Бұл генетикалық және гормоналды сипаттағы сырқат. Сондықтан жалғыз жолы - шашты алмастырып, теріге бекіту", - деді дәрігер Россия-1 телеарнасына берген сұқбатында.

Дәрігер шаштың түсуіне қарсы құралдар, бояу мен жасанды шаш дерт салдарын жасыра алмайды деп есептейді.

"Сіздер үшін жағымды жаңалығым жоқ. Өйткені бұл жағдайда ештеңе істей алмайсыз. Шаш бәрібір түсе береді", - деді ол.

Ол бас терісін қарайтып, татуировка жасайтын әртістерді білетінін айтты.

Мясниковтың пікірінше, шаштың диффузды түсуі ғана емделеді. Оған стресс, ағзадағы темір тапшылығы немесе қалқанша безінің сырқаты себеп болуы мүмкін.

Жаңалықтар
0